«Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 174 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық аткілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жаңа, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА-ның алдын ала (есептік) өлшемдері СҚА-ны белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлей отырып, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Тарихи қалыптасқан құрылыс салуға байланысты қолданыстағы объектілер үшін осы Санитариялық қағидалардың 26-тармағына сәйкес СҚА-ның алдын ала (есептік) мөлшерін белгілемей, СҚА-ның мөлшерін азайтуға жол беріледі.